Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күні– барша азаматқа тең мүмкіндік пен қолжетімді орта қалыптастырудың маңызын айқындайтын ерекше күн. Қазақстанда мүгедектігі бар 740 мыңға жуық азамат бар. Олардың 110 мыңға жуығы – балалар. Өңірде атаулы күнге орай «Тең мүмкіндіктер – мықты қоғам» атты шара өтті.
Облыста 28 мың 244 мүгедек адам бар, оның 3615-і балалар. Әр адам денсаулығына қарамастан, білім алуға, жұмыс істеуге тең құқылы дейді мамандар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ерекше қажеттілігі бар жандарға жүйелі түрде қолдау көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, әлеуметтік төлемдердің көлемі ұлғайып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Сондай-ақ, жаңадан салынған мектептерде инклюзивті инфрақұрылым кеңейіп келеді. Нысандар пандустар, тактильді жолақтар мен арнайы құралдармен жабдықталды. Инклюзивті білім беру аясында оқу орындары әр баланың білім алуына мүмкіндігінше тең жағдай жасады.
Ольга Кузовлева, ШҚО Қоғамдық кеңесінің мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы:
Тағылымы мол шара өтті. Бұл басқосуда біз қатысушыларды инклюзивті орта қалыптастыруға белсенді атсалысуға шақырудамыз. Денсаулық саласынан бастап барлық жүйені қамтимыз. Мүгедектігі бар адамдарда барлығы қолжетімді болуы керектігін ескереміз. Аталған бағытта ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс жүргізілді.
Қоғамда әр адамның мүмкіндігі тең болуы тиіс. Қатысушылар табысты жобаларымен бөлісіп, жаңа бастамаларын ұсынды. Мұндай шаралардың инклюзия мәселесінде қоғамның белсенділігі мен қолдауы маңызды екендігін айтты. Әсіресе олар үшін шығармашылықпен айналысу тек хобби емес, өзін-өзі дамытуға зор мүмкіндік дейді, - «St.Аrt» қорының директоры Станислав Цих.
Станислав Цих, «St.ART» қорының директоры:
Ерекше күтімді қажет ететін азаматтар шығармашылықпен белсенді түрде айналысады. Себебі, мұндай орта оларға жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, қоғаммен араласып, жаңа достар табуға көмектеседі. Бұл бағытта бірнеше жоба қолға алынды. Соның бірі- «Біз өмір сүреміз» жобасы. Фестиваль осымен 5-ші мәрте өтеді. Біз тек көз жанарының көру қабілетінен айырылған жандарды ғана емес, барша мүгедектігі бар адамдардың басын бір арнаға тоғыстырамыз. Жыл сайын шараға қатыссам деп ниеттенгендер саны артып келеді.
Ал Самар ауданында мүгедектігі бар жандарға қолайлы орта қалыптасып келеді. Ауданда инватакси қызметі жұмыс істейді. Аталған қызмет түрі мүгедектігі бар азаматтардың жүріп-тұруын жеңілдетуге бағытталған. Осылайша, әр азаматтың қоғамнан өз орнын табуына барынша жағдай жасаудамыз дейді Самар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Раушан Оразаева.
Раушан Оразаева, Самар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:
Инватакси қызметі Самар ауданының тұрғындарына өте қолжетімді мүмкіндігі шектеулі азаматтарға. Олар өз өтінімін білдіріп, біз оларды керекті маршруттарына апарып, қазіргі таңда Самар ауданында Құлынжон ауданында әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар. Орталыққа 25 бала барады бізден. Ол балалар сол инватаксимен жеткізіледі.
Жалпы облыс бойынша мүгедектігі бар азаматтардың қоғаммен тығыз байланыс орнатуы үшін бар жағдай жасалған. Басқосу соңында келер жылға арналған жоба-жоспарлар талқыланды.
Аяулым Усинова