Марқакөл ауданында «Жеңіс» аллеясы ашылды. Жаңа нысан жергілікті тұрғындар үшін жайлы демалыс орнына айналып үлгерген. Алдағы уақытта ауданда жаңа жобалар мен тың бастамаларды іске асыру жоспарланған.

Бүгінгі күнге дейін Марқакөл ауданы 46 жобаны сәтті іске асырған. Соның бірі - «Жеңіс» аллеясы. Салтанатты шара Жеңістің 80 жылдығына арналған. Жиынға Марқакөл тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Рүстембек Кемешев, Марқакөл ауданының әкімі:

Марқакөл ауданының орталығында үлкен Жеңіс саябағы бар, жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Толығымен жұмыстарды аяқтадық. Бүгін ашылу салтанаты. Бұл болашақта жастарға үлгі.

Туған жері күннен күнге көркейіп, дамып келе жатқанына аудан тұрғындары дән риза. Атқарылып жатқан тың жобалар Марқакөлдің одан әрі көркеюіне жол ашуда.

Қарлығаш Бұқанова, Марқакөл ауданының тұрғыны:

Марқаға деген ілтипат көңілім шексіз. Бүгін міне Жеңіс паркін ашып жатыр. Марқа жерінде өте керемет разымыз. Осы Марқа жерінде ашылған паркке ат салысықан барлық басшылыққа бәріне мың алғыс.

Марқакөл ауданы – табиғаты көркем, әлеуеті мол аймақ. Мұнда тек географиялық орналасу ғана емес, экономикалық және әлеуметтік дамудың серпіні де ерекше сезіледі. Аудан басшылығының айтуынша, абаттандыру, одан әрі көркейту жұмыстары жалғасын табады.

Сая Жарасқызы