Аймақта игілікті істің қасынан табылып, бастамашы болар жастар саны күн санап артып келеді. Облыста 14-35 жас аралығындағы 170 мыңнан астам жас тұрады, соның жартысынан көбі белсенділер. Бұл өңірдегі сала мамандарының жүйелі жұмысының нәтижесі.
Жыл басынан жастар ресурстық орталығына 5731 жас түрлі сұрақпен жүгінген. Атап айтқанда, жұмыссыздық 1570, шығармашылықты қолдау 550, психологиялық 381, заңгерлік 395, кәсіпкерлік мәселесі 685 және өзге мәселелерден 2150 өтініш келіп түскен. Жұмыссыздық мәселесіне қатысты келген жастардың 1500-ы тұрақты жұмысқа және 1000 студент пен оқушы маусымдық «Жасыл ел» жасағына жұмысқа орналасты.
Еркебұлан Балтабеков, Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы:
Былтырғы жылмен салыстырған кезде негізгі көрсеткіштер статистикалық деректермен өлшенеді. Нит санатындағы жастар 4,1 пайызға төмендеп отыр. Ол дегеніміз Мемлекеттік шаралардың тиімділігін көрсетіп отыр. Республика бойынша 6,5 пайыз болса 4,1 деген Республика бойынша ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Мемлекеттік қолдау шаралары, түрлі бағдарламалар арқылы жастарды жұмыспен қамтамасыз етуді, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына білім алуына, 3 ЖОО 37 колледж 18 жатақхана бар. Сол жатақханалардың барлығы жастарды жатын орынмен қамтамасыз етіп отырмыз. Бүгінгі таңда облыста жатақханаға тапшылық мәселесі жоқ.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары — экологиялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы жастарды маусымдық жұмыспен, қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру және абаттандырумен, жастарға патриоттық тәрбие берумен айналысатын қозғалыс. Бұл шарадан да аймақ жастары шет қалған емес. Еңбек жасақтарында жүрген жастар саны жылдан жылға артып келеді.
Малика Заманбек, волонтер:
Биыл өте көп маңызды акциялар өткіздік. Атап айтсам, мысалы әлеуметтік жұмысшыларға көмектестік. Аязды күндері оларға ыстық шәй мен бәліш тараттық. Сәл де болса жылынып алулары үшін. Себебі олар күннің суықтығына қарамастан еңбек етіп келеді.
Айдос Әділбеков, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры:
Жастар орталықтары жазғы уақытта Жасыл ел жастар еңбек жасақтарының жұмысын үйлестіру. Жазғы маусымда Мемлекет басшысы айтқандай Еңбек идеологиясы, Еңбек адамы ұғымын дәріптеу мақсатында Жасыл ел жобасы жүзеге асырылады. Бұл жобаның мақсаты- жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Жазғы уақытта қаржы табу мақсатында еңбекке баулу бағытында жүзеге асырпылатын жоба. Осы жоба аясында биыл 1000 жасты жұмыспен қамтыған болатынбыз.
Өңірде ауыл жастарына да айрықша көңіл бөлінуде. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты көмек пен түрлі бастамаларына қолдау көрсетілуде.
Айдос Әділбеков, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры:
Біздің негізгі мақсатымыз- тек қала жастары емес, статистикаға үнілетін болсақ жастардың шамамен 50 пайыздан астамы қалалық жерлерде орналасқан. Қалғаны ауылды жерлерде. Ауылдағы жастармен де дәл осы жұмыстар атқарылады. Ауылдық жастарды қолдау шаралары мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттқы түсіндіру жұмыстары біздің қызметкерлер атқарады. Барлық қала аудандарда, әсіре ауылды жерлерде биылғы жылы біз көбірек мүмкіндік беріп, ауылдық жастарды көбірек жұмысқа қамтыдық.
Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен жастар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан белсінді мәртебесі қашан да биік.
Сая Жарасқызы