Аймақта республикалық «Газбаллон» акциясы жалғасуда. Шараны өңірдің ПД мен ТЖД бірлесіп ұйымдастыруда. Негізгі мақсат – газбаллонды пайдалану кезіндегі құқық бұзушылықтардың және апаттық жағдайлардың алдын алу.

Акция аясында жерасты паркингтерінде рейдтік шаралар ұйымдастырылуда.Оның аясында автокөлік иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сала мамандары тұрғындарды қарапайым қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға шақырды.

Аманкелді Еңсегенов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:

Газбен толтыратын газ құю стансаларында жеке меншік үйлердегі газ балондардағы толтыру сәттері бар. Газ балондарды мұндай жерде толтыруға болмайды. Құю стансаларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Акция жалғасуда. Қаланың автокөлік тұрақтарына барып автомобиль иелерімен сұхбат жасап жүргізіп жатырмыз.

Паркингте газ жарылып, көлік өртеніп, адам денсаулығына зиян келсе немесе ірі шығынға әкеп соқса – бұл қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша көлік құралы қайта жабдықталғаны тіркеу куәлігінде көрсетілмесе, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал құқық бұзушылық анықталса, 797-бапқа сәйкес көлікті пайдалануға тыйым салынады.

Сергей Коваленко, Өскемен қ. ПБ әкімшілік полиция бөлімінің жол-техникалық инспекция бөлімшесінің бастығы:

Талаптардың орындалуын үздіксіз бақылау маңызды, себебі, бақылау болмаса төтенше жағдай саны артуы мүмкін. Бүгінге дейін тіркелген өрт оқиғалары бұған дәлел. Оқыс оқиғаның тіркелуіне негізінен автокөліктердің, соның ішінде газбаллонды жабдық орнатылған машиналардың техникалық жағдайы мен пайдаланылуын жеткілікті қадағаламау себеп.

Сала мамандары өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылғанын айтады. Оның ішінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының 1074-тармағына сәйкес, газбаллонды жабдығы бар автокөліктерді өзге мақсаттағы кіріктірілген немесе жапсарлас үй-жайларда, жабық типтегі паркингтер мен автотұрақтарда орналастыруға қатаң тыйым салынған. Сондықтан газбалонды 85% -дан артық толтыруға болмайды.

Сая Жарасқызы