Аймақта республикалық «Газбаллон» акциясы жалғасып жатыр. Алдын алу шарасы аясында мамандар өңірдегі автожолдар мен паркингтерде жүйелі жұмыс жүргізуде. Мақсат - газбаллонды пайдалану кезіндегі құқық бұзушылықтардың және авариялық жағдайлардың алдын алу.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің БАҚ өкілдеріне берген мәліметіне сәйкес, осы жылдың басынан бері облыс аумағында 102 автокөлік өрті тіркелген. Дегенмен, мамандар сұйытылған газбен жүретін көліктерде өрт фактілері тіркелмегенін атап өтті. Бұл газ жабдығын дұрыс пайдалану, қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыра алатынын көрсетеді.

Медет Мұқашев, Облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары:

Сұйытылған табиғи газ немесе сұйытылған көмірсутек газы орнатылған автокөліктерді басқа мақсаттағы кіріктірілген немесе жапсарлас үй-жайларда, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан жерасты автотұрақтарында және жабық паркингтерде қоюға тыйым салынады. Яғни автокөліктерде мысалы қыс уақытында газ әсерінен ұлғаюуы мүмкін. Сондқытан газ балонның көмегі 85% дан артық толтыруға болмайды.

Бұдан бөлек, қозғалтқыш тек бір жанармай түрімен - газ немесе бензинмен іске қосылуы керек. Газбаллондарын пайдаланған жағдайда әр екі жыл сайын куәландыру қажет.

Денис Ғалиев, облыстық ДП ӘПБ ӨҚ аға инспекторы:

Заңнамаға сәйкес, автокөліктерге газбаллондық жабдық орнату үшін полиция департаментінен келісім алу, сертификаттық сынақтардан өту, содан кейін орнатылған жабдықты техникалық паспортқа енгізу керек.

Бес күнге жалғасатын шараны Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктері бірлесіп өткізеді.

Бекарыс Секен