Аймақта «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Өңірдегі ТЖД мамандары қыс мезгілінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу іс-қимылын пысықтады. Оқу-жаттығуға 7 800-ден астам жеке құрам мен 900-ге жуық техника жұмылдырылды. Командалық-штабтық жаттығу биыл қар көшкіні қаупі жоғары Глубокое ауданының таулы аймағында өтті.

Мамандар Глубокое ауданын оқу-жаттығу алаңы ретінде таңдау бекер емес дейді. Себебі, мұнда қар көшкіні қаупі жоғары учаскелердің басым бөлігі орналасқан. Жиынға 430 қар тазалағыш, 175 эвакуациялық, 247 инженерлік және жоғары өтімділіктегі 61 техника жұмылдырылды.

Эльдар Шаймарданов, ШҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:

Облыс аумағында көшкін қауіпті.....мұндай жаттығулар бізде жыл сайын өткізіледі. Ықтимал төтенше жағдайларға ден қою үшін. Облыстық, аумақтық облыс бойынша 7000 нан астам адам және 900 астам техника дайындалды.

Оқу-жаттығу жиынының жоспары бойынша қар көшкіні жүріп, көлікті басып қалған. Төтенше жағдайға тап болған азаматтарды іздестіруге кинологиялық есеп жұмылдырылды. Зардап шеккендер шерп көлігімен медициналық қызмет мамандарына жеткізілді. Ал, жеке құрам көлікті қар құрсауынан босатты. Бұдан бөлек, тауда қалған сноубордшыны құтқару үшін арнайы техника мен мамандар көмекке келді.

Константин Боровиков, Глубокое ауданы ТЖБ бастығының м.а. :

Глубокое ауданы қар көшкіні қаупі жоғары аудандардың бірі. Тау ішінде жолдардың басым бөлігі өтеді. Қыс мезгілінде бұл жолдар қар құрсауында қалуы мүмкін. Сондықтан оқу-жаттығу жиынын дәл осы жерде өткізуді жөн санадық. Қазіргі уақытта мұнда жол қызметтері мен азаматтық қорғаныс бөлімшелері бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Оқыс оқиғаның алдын алу үшін мамандар қарды жасанды түрде түсіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл көлік қозғалысын шектемеу үшін қажет.

Жиын барысында азаматтарды уақтылы құлақтандыру үшін «Mass Alert» жедел құлақтандыру жүйесі сынақтан өткізілді. Қар көшкіні немесе боран қаупі анықталған жағдайда тұрғындарға SMS түрінде ескерту жолданады. Бұл – азаматтарды қауіпті аймақтардан дер кезінде шығаруға мүмкіндік беретін тиімді құрал.

Телғат Нұрахмет, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ ШҚОФ бөлім басшысы:

СМС хабарламаларды жолдамас бұрын....түсініктеме береміз.

Командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны тек облыс орталығында ғана емес, аймаққа қарасты аудандар мен қалаларда өтті.

Нұртас Қайролдаев