Ұлан ауданының тұрғыны Елена Рыженкова экзотикалық жемістерді өзінің жылыжайында өсіріп келеді. Соның бірі - өңірге таңсық өсімдік лимон. Цитурстың салмағы біржарым келіге жеткен. Украинка ауылындағы ерекше бау-бақшаны арна тілшілері де аралап көрді.
Жылыжайда өсірілген лимонның түрі «киевский» деп аталады. Цитрустың пісу кезеңі де ерекше. Лимон ағашы дән берген сәттен бастап 9 ай көлемінде өсіп жетіледі. Қыс түсе толықтай жетіліп, жинауға дайын болады.
Елена Рыженкова, агроном:
Ең үлкен лимон шамамен бір жарым келі тартты. Бұл сортты алу үшін тіпті Киевке барып, тоғыз кішкентай көшетін алып келген едік. Кейін оны өсіру технологиясын зерттеп, жыл сайын мол өнім алатын деңгейге жеттік.
Мұндағы лимондардың сырты қалың, ал піскен жеміс бұтақта жарты жылға дейін түспей тұрады. Тұмау маусымы жиілеген уақытта жылыжайға облыс орталығынан еміне шипа іздеген азаматтар арнайы келеді.
Ольга Жукова, Өскемен қаласының тұрғыны:
Бұл – ең алдымен таңданыс. Екіншіден, мақтаныш. Себебі дәл біздің Шығыс Қазақстанда осындай ерекше жылыжай бар. Лимондар өте үлкен, хош иісі керемет. Мұндайды базардан да, дүкеннен де таба алмайсың.
Лимоннан бөлек, жылыжайда тропикалық және экзотикалық өсімдіктердің ондаған түрі өсіріледі.
Нұртас Қайролдаев