Облыс орталығында «Уылдырық шашу – 2025» және «Таза су айдындары» экологиялық акцияларының қорытындысы жарияланды. Зайсан-Ертіс бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары шара аясында жүзден астам әкімшілік хаттама толтырып, браконьерлерден 130-дан астам заңсыз құралы мен көліктерін тәркілеген.

Зайсан-Ертіс бассейнінде көктемгі уылдырық шашу маусымына орай 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында рейдтік шаралар жүргізілді. Инспекторлар жалпы 656 шара өткізген. Нәтижесінде 444 құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік хаттама толтырылған. Азаматтарға 10 млн. теңгеден астам айыппұл салынған.

 «Таза су айдындары» атты акция аясында Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстары қамтылды. Мақсат – тек балық қорын сақтау емес, су қоймаларына заңсыз тасталған торлар мен қоқыстардан тазарту, балықтың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасау.

Уылдырық шашу маусымында инспекторлар жергілікті әкімдік мамандарымен бірге өзен жағалай орналасқан ауылдардың балықшылармен және тұрғындармен кездесулер өткізді. Оларға балық аулау ережелерін бұзғаны үшін қарастырылған жауапкершілік пен табиғатты қорғаудың маңызы жайында ақпарат берілді.