Өңірде Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бірқатар мектеп асханалары жаңғыртылуда. Өскемендегі №15 орта мектепте қазіргі таңда 1673 бала тәлім алуда. Оқушылар мен мектеп ұжымы білім ордасындағы асхана жаңғыртылудан өткен соң, оның қызмет көрсету сапасы артып, қазіргі ас мәзірі көңілдерінен шыққанын айтады.  
№15 орта мектепте қазіргі уақытта 216 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Бұл тізімге ілінбеген 25 баланы жеке кәсіпкер Ғалия Мойкеқызы қосымша өз есебінен тамақтандырып, қолдау көрсетуде.
Мектеп асханасы 2019 жылы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енген.
Білім ошағында санитарлық қауіпсіздік шаралары толықтай қарастырылған. Мәзірдегі тағамдардың бәрі таза, сапалы өнімдерден жасалған.
Мектеп асханасына алдағы уақытта да бірқатар өзгерістер енгізу жоспарлануда.