Облыс әкімі Даниал Ахметов кезекті жылыту маусымына дайындық мәселесін талқылады. Жиынға қалалар мен аудандардың әкімдері және басқарма басшылары қатысты. Аймақ басшысы барлық жылу көздерін жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауды тапсырды.  Ал, қажетті қаражат пен жұмыстардың тізбесін мемлекеттік сарапшылар растауы тиіс.

Облыс әкімі Согра және Өскемен ЖЭО-на жөндеу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, сала мамандарының өз жұмысына деген жауапкершілігіне сенім білдірді.

Жиында көмір тапшылығын алдын алу шаралары да талқыланды. Өткен жылы тамыз айында қатты отынның 50 пайызы әкелінсе, қыркүйек айында 100 пайызы жеткізілген. Биыл да жылыту маусымына ертерек қамдану қолға алынбақ.