«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінің полигоны аумағында арнайы әскери жиын басталды. Бұл жиынға Шемонайха ауданының әскери міндеттілер шақырылған. Олар  әскери бөлімде белгіленген аумақта 10 күн бойы арнайы даярлау әдістерін меңгереді.
Шараның негізгі мақсаты – әскери бөлімдердің жауынгерлік даярлығын арттыру. Жиынға шақырылған барлық әскери міндеттілер бөлімдердің полигондарындағы шатырлы қалашықтарына орналастырылды. Арнайы оқуға қатысушылар Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен тамақпен және заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі.
Әскери жиынға Шемонайға ауданынан барлығы 80-ге жуық азамат шақыртылды. Олар бұған дейін Отан алдындағы борышын өтеген азаматтар. Әскери даярлықтан өтушілердің бастапқысының жасы 27-ні  құрайды.
Жиын қорытындысы бойынша сынақтар өткізіліп, оның нәтижесі негізінде бағдарламаны сәтті меңгерген әскери міндеттілерге  кезекті әскери атақтар беріледі.