Мемлекет басшысы 2025 жылы халықтың сапалы ауыз суға қолжетімділігін 100 пайызға жеткізуді тапсырған болатын. Осыған орай, Самар ауданына қарасты Көкжыра, Миролюбовка ауылдарындағы су құбырын тарту жұмыстарына жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Самар ауданында су жүйелерін тарту бойынша бірнеше жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалған. Ал құрылыс жұмыстары 2018-2020 жылдары басталған.
Тексеру жұмыстары аясында тағы бірнеше олқылық анықталды. Атап айтқанда, нысан бойынша құжаттама, қосылған және алынып тасталған жұмыс түрлерінің техникалық шешімдер хаттамалары толық көлемде ұсынылмағаны белгілі болды.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік іс жүргізілді, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді. Осыған сәйкес, құрылыс субъектісі құқық бұзушылықтар жасамауға міндетті.