«BIZDIҢ ӨSKEMEN» интеллектуалдық quiz ойыны биылғы маусымын аяқтады. Соңғы сайыстың өтуіне қала әкімі Жақсылық Омар қолдау көрсетті. Ойын саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орайластырылды.
Білгірлер додасына 26 команда қатысты. Республикалық деңгейдегі ойынға ел астанасынан, Семей мен Павлодар қалаларынан Көкпекті, Самар және де басқа да аудандарынан түрлі командалар арнайы келген. Quiz ойындарының ұйымдастырушысы Дарын Нұрсапар маусымның сәтті өткенін айтты.
Интеллектуалдық ойында «Үздік ойыншы» атанып, командалық есепте екінші сатыға жайғасқан Әділ Анарбек  2019 жылдан бері білімділерге арналған сайысқа қатысып жүр. «Ұландары тоғызыншы корпустың» командасының мүшесі бәсекелестіктің жоғары болғанын, сайыстың тартысты өткенін айтады. Чемпиондықтан үмітті топтың үздік атануына 15 ұпай айырмасы кедергі болды.
Астаналық ұжым «нөмір бірінші борт» 2 турдың қорытындысы бойынша 47 ұпаймен көш бастап, бас жүлдені алды.
 «BIZDIҢ ӨSKEMEN» интеллектуалдық quiz ойындарында үздік атанғандарға Өскемен қаласы әкімінің ақшалай жүлдесі бұйырды. Ойынның тағы бір ерекшелігі «Қасиетті жетінші орын» деген жеке марапатта қарастырылған. Интеллектуалды ойынның мақсаты қазақ тілді аудиторияны кеңейтіп, әр сала өкілдерінің басын білім бәсекесінде қосу.