Өскемен жоғары политехникалық колледжіне – 70 жыл толуына орай мерекелік кеш өтті. Шараға білім ордасының ардагер ұстаздары мен құрметті қонақтары қатысты. Жиынға келушілер колледж тарихынан сыр шертетін бірегей естеліктер мен оқу орнының жетістіктері көрсетілген мұражайды аралады.
Кештің мақсаты - білім ордасының 70 жылда қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін жұртшылықпен бөлісу. Оқу орны тарихының жарқын беттерін насихаттау арқылы жас ұрпақ бойында өздері білім алып жатқан білім ордасына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.
Мерекеге жиналған қонақтар білім  шаңырағындағы игілікті істердің куәсі болып, келешегі кемелді, болашағы жарқын, бәсекеге қабілетті  мамандардың тәрбиеленіп жатқанына, ондағы білікті де білімді ұстаздар қауымының жемісті еңбектеріне тәнті болды.
Бұл колледжден қаншама түлек қанат қақты. Сондай-ақ, оқу орны ел экономикасын дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Елдің іргесін нығайтуда талай мамандарды даярлап, кәсіби шыңдарға жетелеуде ұлы ұстаздардың да үлесі зор.