Ұстаз – шәкіртінің бойына білім нәрімен қатар ақыл-парасат пен көркем мінез сіңіруші жан. Елінің ертеңгі тізгінін ұстар азамат тәрбиелеу ұстаздарға жүктелген аса маңызды да жауапты міндет. Осы міндетті атқарып жүрген жан – Айжан Өміртаева. Ол Зайсан ауданындағы Мұжықсу негізгі орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі.

Айжан Өміртаеваның оқушылары республикалық «Зерде»  ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары. Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептерге арналған республикалық «Ақбота» интеллектуалдық олимпиадасында да белсенділік танытқан.

Шығармашылығын үздіксіз дамытып отыратын мұғалім жалпы білім беретін мектептің әдебиеттік оқу пәніне арналған «Асыл сөз» бағдарламасының авторы.
Ұстаз «Ыбырай Алтынсарин ізбасарлары», «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ даласының дара ұлы» және «Қазақстан республикасының тарихи жолы» республикалық конференцияларында өз  іс-тәжірибесімен бөліскен.