Негізгі Жаңалықтар ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Облыс орталығына ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закария келді. Сапар аясында  «ШҚО жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарының ғылыми ынтымақтастағы: мәселелері және болашағы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты - отандық ғылымды дамыту. Жас ғалымдарға зор мүмкіндік беру. ҚР Ұлттық ғылым академиясы қызметінің негізгі бағыттары – ҚР ғылымының жай-күйін талдау және дамуын болжау. Сонымен қатар, ғылыми кадрларды даярлаудың басым бағыттарын айқындау, халықаралық ынтымақтастықты, инновациялық және инвестициялық қызметті дамытуда жәрдемдесу.
Белгілі қазақстандық математик-ғалым және қоғам қайраткері Асқар  Жұмаділдаев бұл басқосудың мәні еліміздің ғылым әлеуетінің дамуы мен болашағын айқындау екенін айтты.
Бүгінде халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдануда.

Бөлісу