Облыс оқушылары «IQanat» республикалық олимпиадасының үшінші кезеңіне қатысуға жолға шықты. Білімімен озат танылған өңірдің өрендері мектепте оқытылатын пәндер бойынша өзге аймақтардың түлектерімен бақ сынасады. Білім сайысына шығыстан 36 жасөспірім аттанды.
Бұл теміржол бекетіне жиналған оқушылардың барлығы осы өңірдің аудан, аулдарынан ірікіріктеліп алынғандар. Білімімен үздік танылғандар. Бақтары мен баптарын республикалық олимпиада сынамақ.
«IQanat» – ауыл балаларын қолдау ниетімен, қазақстандық кәсіпкерлер демеушілік көрсететін республикалық әлеуметтік-білім беру жобасы.
Қоғамдық қордың басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Олимпиадада жеткіншектер логикалық ойлау, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, ағылшын тілі, биология, география, тарих, математика, физика және химия пәндері бойынша сынға түседі. Жалпы IQanat қоры ҚР Білім Министрлігінің қолдауымен жұмыс істейді.