2022-23 жылғы оқу жылында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де 12 мемлекеттен шақырылған 48 ғалым өз тәжірибесімен бөліскен. Бұл туралы ЖОО басқарма төрағасы Сәуле Рахметуллина есеп беру жиынында мәлімдеді. Бұдан бөлек мұнда 200 жоба қолға алынған, оның 181-і кәсіпорындардың тапсырысы бойынша жүзеге асқан. Ерекше атап өтерлік тағы бір жайт оқу орны халықаралық аудит қорытындысы бойынша үздіктер қатарына енген.
Бұл рейтингте жоғарғы оқу орындары 50 түрлі көрсеткіш бойынша бағаланады.
Университеттің ғалымдары Америка, Түркия, Ұлыбритания, Ресейдің жоғары оқу орындарында біліктіліктерін арттырып, білімін шыңдаған. Бастама «Болашақ» бағдарламасы аясында іске асқан. Ал студенттердің кәсіби шеберлігін дамыту үшін Huawei, Amazon сияқты компаниялар тартылған.
Бұдан бөлек қазан айында университет қабырғасында Қытайлық әріптестермен бірге Лу Бань шеберханасын ашу жоспарлап отырмыз деді, Сәуле Рахметуллина. Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан тағы бір жоба - ШҚТУ базасында тау-кен металлургия саласындағы академиялық артықшылық орталығын құру.