Ана мен бала денсаулығын сақтау маңызды. Өңірде бұл салада атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Медициналық көмекті жетілдіру бойынша түрлі шаралармен қатар заманауи жабдықтармен де қамтамасыз ету қолға алынған.
Әр мемлекеттің басты байлығы – адам. Елімізде де адам өмірі маңызды. Мемлекет тарапынан халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында көптеген арнайы бағдарламалар қабылданып келеді. Әсіресе ана мен бала денсаулығына ерекше мән берілуде. Себебі, ана мен бала денсаулығы – ұлт болашағы.
Сала мамандарының айтуынша, өткен жылдармен салыстырғанда өңірде ана мен бала өлімі азайып, көрсеткіш жақсарған. Сонымен қатар, аналардың денсаулығының жақсаруына байланысты дені сау балалар көптеп дүниеге келуде. Бұл көрсеткіштерге заманауи жабдықтар, білікті мамандардың арқасында жетіп отырмыз.
Айта кетейік, медицина саласы күн санап қарқынды дамып келеді. Кез-келген ауру бастапқы кезеңінде анықталса, оны толығымен емдеп шығуға мүмкіндік бар.