Өңірдегі «3477» әскери бөліміне қарасты полигон аумағында көліктегі полиция департаментінің ұйымдастыруымен өңірлік желілік полиция бөліністерінің қызметкерлері кезекті тактикалық оқу – жаттығуын өткізді. Жаттығу жоспарына сәйкес бөлім қызметкерлері арнайы тәртіпсіздіктерге қарсы тактикалық атыс іс – қимылдарын орындады.
Бұл жыл сайын өтетін жоспарлы шара. Оқу – жаттығуды өткізудегі басты мақсат – полиция қызметкерлерінің дайындық дәрежесін тексеру, және біліктілігін арттыру. Жиынға шақырылған барлық полиция қызметкерлері полигондардағы шатырлы қалашықтарына орналастырылды.
Жаттығулар полицейлердің ұйымдасқан түрде батыл әрі сенімді әрекет етуіне септігін тигізеді. Бір ауысымда бір ғана саланың емес, қалалық, аудандық, желілік полиция бөлімдерінің қызметкерлері қатарынан құрылған топ дайындықтан өтеді деп атап өтті, Дәурен Қожабергенов.
Жаттығу жұмыстары азаматтарға бұрын үйренген дағдыларын пысықтап, жаңа әдістерге машықтануға мүмкіндік береді.