Өскеменде қала күнімен тұспа-тұс келетін Конституция күніне орай, көпшілікке арналған қызықты мәдени шараларды өткізу жоспарланған. Осыған орай қалалық әкімдік өкілдері брифинг өткізіп,  облыс орталығының тұрғындарын бірнеше күнге созылатын түрлі мерекелік шараларға белсене қатысуға шақырды.  
Жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарын Өскеменнің туған күнін тойлау мен Конституция күніне арналған түрлі мерекелік бағдарлама күтуде. Шаралар легі 24 тамызда өтетін 70-ші, 80-ші, 90-шы жылдар стилінде үйымдастырылатын ретро-кешпен басталады. Тақырыптық кеш «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында» өтеді. Ал 26 тамызда амфитеатрда зияткерлік ойын өткізу жоспарланған. Ары қарай спорттық жарыстарға қатысуға болады. Атап өтелік, қала күнін тойлаудың алғашқы күні, қаланың тарихи маңызға ие аумағындағы тұрғын үйлер түрлі түске оранып, жарқырап-жанады.
Мерекелік кеш ары қарай White party-ге ұласады. Яғни, Амфитеатрдың маңы бірегей пикник алаңына айналады. Сондай-ақ, ән айтамын деушілерге  де жағымды жаңалық бар. 28 тамызда әуесқой және кәсіпқой шығармашылық ұжымдар әйгілі композицияларлардың каверлерін орындайды. Ал 29 тамызда грек-рим мен еркін күрес балуандарының  белгілі спортшылармен жолдастық кездесуі өтеді. Кешенді іс-шаралардың қорытынды кеші 30 тамызда Республика алаңында ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, алаңда «Шығыстың дәмі» қарбыздың гастрономиялық фестивалі өтеді.  Тағам дайындап, бағын сынап көремін деушілер, ең ұзын «Капрезе» салатын дайындаудан жарыса алады.