"Казцинк" компаниясы өңірде түрлі әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетіп келеді. Аймақтың дамуына әрдайым атсалысып, қайырымдылық шараларын  жиі өткізеді. Мәселен, биыл Серебрянск қаласындағы ауруханаға өндіріс орны медициналық жаңа жабдықты сыйға тартты. Осы уақытқа дейін тұрғындар қарапайым тексеруден өту үшін Өскеменге ағылатын.
Серебрянск қалалық ауруханасы жаңа жабдықпен толықты. Өңірдегі ең ірі металлургиялық компания медициналық жабдықты алу үшін 90 млн. теңге бөлген. Жабдықта  құралдарды зарарсыздандыруға арналған автоклав, төсек-орын мен киімдерді өңдеуге арналған дезинфекциялық камера, ұрықтың жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін бірнеше арнайы аппарат бар.
Жаңар жабдыққа мекеменің мамандары жоғары баға берді. Дәрігерлерге ең керегі ультрадыбыстық зерттеуге арналған диагностикалық жүйе. Ол әдеттегі ультрадыбыстық аппараттан қарағанда жоғары сурет сапасымен және кеңейтілген мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Медициналық жабдықтардан бөлек,"Казцинк " компаниясы мамандардың біліктілігін арттыру курстары кезінде де демеушілік көмек көрсетеміз деп отыр.
Өткен жылыда "Казцинк" компаниясы Серебрянск қалалық ауруханасына көмек көрсеткен.  Компанияның арқасында медициналық мекемеде орналасқан инфекциялық стационарындың шатырын жаңартып, терезелерді алмастырған болатын.