Аймақта ҚР-ы Ұлттық ұланы қатарындағы тәрбие құрылымдары офицерлеріннің қатысуымен әдістемелік даярлаудың үш күндік жиыны басталды. Ауқымды жиынға әр өңірден 50 – ден астам жоғары әскери тәрбиешілер және Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының тәрбие жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы Қайрат Үмбетов арнайы келді.
Басшылық құраммен өткізілетін шараның мақсаты – жеке құрам арасында әскери  және құқықтық тәртіпті, тәрбие жұмысын ұйымдастыру, озық тәжірибемен алмасу. Жиынға өңірлік қолбасшылықтардың  басшылары, академия бастығы мен әскери бөлімдер командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары қатысады.
 Жиында тақырыптық кеш ұйымдастырылып, сарбаздардың тәрбие ісіне арналған әдістемелік және көрнекілік сабақтары өтеді.
Бұдан бөлек, әскери тәрбиешілер үш күндік жиын барысында жаңа білім алып, әр бөлімдердің өкілдері жас жауынгерлерге патриоттық тәрбие берудегі тәжірибелерін ортаға салмақ. Жиын 25 тамызға дейін жалғасын таппақ.