Облыс орталығының әкімі Жақсылық Омар Өскеменде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бірнеше нысандарды аралады. Шаһар басшысы 28 тұрғын ауданда қолға алынған бастамаларға жауапты мекеме өкілдеріне жүктелген  міндетті уақтылы әрі сапалы орындауды тапсырды.
Облыс орталығындағы Сәтбаев даңғылында тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. «Отбасы банкі» арқылы сатылатын үйлер, тұрғындардың барлық санаттарына және көп балалы отбасыларға беріледі. Ауланы абаттандыру жұмыстары да жоспардан тыс қалмаған. Одан бөлек, мұнда автотұрақ аймағы салынып, жол төселеді.  
Қала басшысы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында  бой көтеріп жатқан үйлердің құрылысымен де танысты. Қазіргі күні қажетті инженерлік инфрақұрылым тартылып, балалардың ойын алаңдары салынып жатыр.
Қалалық құрылыс бөлімінің ақпаратына сүйенсек нысандарда жүрігізіліп жатқан жұмыстар биыл аяқталып, қолданысқа берілмек.