Облыстық «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығында» XXII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Чехия, Франция, Қытайдан демография, әлеуметтану, тарих, саясаттану, философия саласындағы жетекші ғалымдар қатысты. Жиынға әріптесім Қарақат Жақсылыққызы барып қайтты.Бұл конференция ең алғаш 2001 жылы өткен. Содан бері жиында әлемнің әр түпкірінен ғалымдар бас қосып, демография мәселесі төңірегінде жүзеге асырған зерттеу жұмыстарымен бөліседі, дейді профессор Иван Полтаранин.Ғалымдар өз баяндамаларында Қазақстандағы тарихи демографияның өзекті мәселелері, этномәдени процестер және демографиялық даму контекстіндегі мәдениетаралык диалог бағыттары бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлеген. Конференцияға қатысушылар жыл сайын өзекті тақырыптар қозғалған баяндамаларды іріктеп арнайы кітап ретінде шығарады.