Негізгі Жаңалықтар ӨСКЕМЕН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САЙЛАУ ТУРАЛЫ ПІКІРІ

ӨСКЕМЕН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САЙЛАУ ТУРАЛЫ ПІКІРІ

Ел өміріндегі маңызды саяси науқандардың бірі Парламент мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы қалай өтті? Бұл сауалдың жауабын халықтың өзі айтсын. Біз қаладағы 15 орта мектепте орналасқан №104 сайлау учаскесіне арнайы барып, шаһар тұрғындарының пікірін білдік. Бүгін қала тұрғындары саяси науқанға бей-жай қарамай, елдің ертеңі үшін маңызды таңдау жасады. Электораттың айтуынша, саяси науқанның нәтижесі үшін  әрбір дауыстың маңызы бар. Облысымыздағы дауыс беру процесі барлық санитарлық талаптарға сай өтті. Ал таңғы сағат 7-де келген 8 байқаушы заңды түрде тіркеліп, сайлаудың барысын күні бойы бақылады.

 

Бөлісу