Өскемендегі тарихи-өлкетану музейінде Өр Алтайдың ерке ұлы Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған еске алу кешін ұйымдастырды. Шара барысында драматургтың өмірінен сыр шертетін мәліметтер келушілер назарына ұсынылды. Нұртас Қайролдаев рет-ретімен.Оралхан Бөкейді еске алу кешіне өңірдің жазушылары, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің және Рейсейдің жазушылар одағы мүшелері, суденттер қатысты. Кеште автордың жазбаларынан үзінділер оқылды.Оралхан Бөкей – көркем сөз өнерінің хас шебері. «Үркер», «Қайдасың қасқа құлыным»,  «Мұзтау», «Ұйқым келмейді» атты шығармалардың авторы. Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Геннадий Пуссеп мұндай тағылымды шаралардың маңызы зор екендігін айтады.Жиын барысында  Оралхан Бөкейдің тұрмыста қолданған жеке заттары, повесьтері мен фотосуреттерінен шағын көрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.