Сондай-ақ, бүгін өңірге оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та келді. Министр айммақа сапары барысында облыс әкімдігінде қоғам қайраткерлері және білім саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиында қандай мәселелер талқыланды? Оқу-ағарту министрі алдымен аймақ тұрғындарымен кездесті. Жиында елдегі білім беру жүйесін дамытудың маңызды мәселелері талқыланды. Ғани Бейсембаев мектеп оқушыларын сапалы тамақпен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар легіне кеңінен тоқталды.Себебі, дәл осы мәселе студенттердің де, ата-аналар тарапынан да сынға ілінген болатын. Ал облыстық білім басқармасы басшысының айтуынша, өңірде қазіргі таңда мектептегі тамақтың сапасына қатысты түсетін шағымдар саны азайған. Бұдан бөлек, басқарма басшысы өңірдің білім саласындағы ерекше жобалардың бірі — «Қонақжай отбасы» туралы да сөз қозғады. Оқу-ағарту министрі өңір мектептеріндегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне баса мән беру керектігі жөнінде де айтты. Кездесу соңында қоғам қайраткерлері және білім саласының қызметкерлері Ғани Бейсембаевқа сұрақтарын қойып, жауап алды.