Демалыс күндері Өскеменде дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Өнімдер әдеттегідей нарықтағы бағадан анағұрлым төмен. Бұл жолы қала тұрғындарын сапалы өнім, қолжетімді бағамен Глубокое ауданы қуантты. Әр сенбі сайын әдетке айналған жәрмеңкеге келген халықтын қарасы қалың. Сөреде тұрған өнімдердің бағасыда қол жетімді. Азық-түліктен бөлек кәсіпкерлер мұнда киізден жасалған етіктерді де ала келген. Жәрмеңкеге жиналған жұрт ұлттық ойын түрлерінен ұйымдастырылған сайысқа қатысып, бағы мен бабаын сынады. Алаңда тағы бір қызықты аумақ ұйымдастырылды. Көлемді киіз үй құрылды. Келушілерге ыстық шай мен бауырсақ, тәтті-дәмді таратылды. Әр сенбі сайын өтетін жәрмеңке халық үшін мерекеге айналғандай. Келушілер би билеп, бұл күнді көтеріңкі көңіл-күймен өткізді. Жәрмеңкеге келген сатушылар да жоғары көңіл-күйде өз жұмыстарына кіріскен. Ал кәсіпкер Алесия Орлова да бұл жәрмеңкеге ірімшіктің түр-түрін әкелген. Бал өндірумен айналысатын Троеглазовтар отбасы мұндай жәрмеңкелердің кәсіпкерлерге берері мол екенін айтады. Шараға шашу ретінде Глубокое ауданынан келген өнерпаздар көңілді концертпен халықты қуантты.