Өскеменде аймаққа қарасты аудандардың мәдени күндері жалғасуда. Бастама облыс әкімі Ермек Көшербаевтің тапсырмасымен «Туған жер- алтын бесігім» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл жол облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары Глубокое ауданынан келген қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдармен етене танысуға мүмкіндік алды. Мәдени кештің соңы көркем өнерпаздардың гала-концертіне ұласты. Бұл кешке Глубокое ауданының өнерпаздары тыңғылықты дайындықпен келген. Концерт шымылдығын жаңадан құрылған “Серпін” ұлт аспаптар орекстрі ашты. Сахна төрінде жас бүлдіршіндер де өнер көрсетті. Ал кештің арнайы қонағы, алыстан ат терлетіп келген эстрада жұлдызы Сырымтай Еңсепов. Көрмеде түрлі бұйымдар, көне жәдігерлер келушілер назарына ұсынылды. Мәдениет ошағында бой түзеген көрмеде бәрі бар. Ал Быструха орта мектеп-балабақша кешенінің ұжымы жергілікті тарихтан сыр шертетін жәдігерлерді ала келген. Ал мына бұрыштан колөнер шеберлерінің қолынан шыққан түрлі бұйымдарды көруге болады. Мәдени шара Шемонаиха ауданынан келген көркем өнерпаздардың гала-концертіне ұласты. Керемет кештің куәсі болған көрермендер шараның жоғарғы деңгейде өткенін айтады. Облыс орталығында басталған аудандардың мәдени күндері әлі де жалғасады.