Бүгін аймақ басшысы Ермек Көшербаевтің төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сегізінші сессиясы өтті. Сессияда салалық басқарма басшылары 2023-2025 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізу мәселесін талқылады. Халық қалаулылары әлеуметтік салаға қатысты атқарылатын шаралар легімен танысты. Аймақта биыл мүмкіндігі шектулі жандарды қолдауға бағытталған ауқымды жобалар іске асырылмақ. Биыл облыстық бюджетті нақтылау үшін аймақтағы басым бағдарламалардың әкімшілері тез арада шешілуі тиіс мәселелерді атады. Ал жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын және өмір сүру сапасын жақсартуға бөлінген қаражатқа өзгеріс енгізу қажет екенін айтады. Облыстық маслихаттың кезектен тыс сегізінші сессиясында депутаттар қолдап дауыс берген шешімдер, қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.