Үлбі металлургиялық зауытының қоймасына алғашқы өнім 1949 жылы 29-ы қазанда түскен. Жетпісінші жылдардың басында Үлбі металлургия зауыты әлемнің уран, тантал және бериллий өнімдерін өндірушілерші ірі кәсіпорындардың қатарына енді. Облыстық мемлекеттік архивте зауыттың тарихынан сыр шертетін көрме бар. Көрмеге қойылған жәдігерлермен арна тілшілері де танысып қайтты. «Үлбі металлургия зауыты» акционерлік қоғамы - әлемдік деңгейдегі өнімдерді өндіріп, оны жеткізуде 80 жылға жуық тарихы бар бірегей кәсіпорын. Облыстағы архивте аталған кәсіпорынның өркендеуіне сүбелі үлес қосқан азаматтар жайында ақпарат алуға болады. Өскемен қаласында орналасқан Үлбі металлургия зауыты 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мүдделерін атом өнеркәсібінде ұсынатын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом компаниясының құрамына енді. Тарихқа көз жүгіртсек 2004 жылы Үлбі металлургия зауытының 50 жылдығына арналған кітап жарық көрді. Кітапта кәсіпорын қызметкерлерінің атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіетері туралы барлық ақпарат бар. Қазір бұл кітап мемлекеттік архивте сақталып тұр.