Облыс құтқарушылары «Қыс-2023» Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығу жиыны аясында авариялық-құтқару жаттығуларын өткізді. Жиында құтқарушылардың дайындығы мен техниканың мүмкіндіктері сыналды. Төтенше жағдай департаменті қызметкерлері полицейлермен жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірге бірнеше жаттығу жұмыстарын жүргізді. Жаттығу барысында олар боранды күні қар құрсауында қалған адамдарды жол талғамайтын техниканың көмегімен эвакуациалады. Көктайғақ салдарынан зардап шеккендерге көмектесті. Мұз астынан шыққан көлікті құтқару мақсатында тиісті жұмыстарын жүргізді. Ал кинологтар болса қарлы боранда жолынан адасқан шопанды іздеді. Азаматтық қорғау қызметкерлері магистральдық құбырдағы апатты жоюға өз күштерін салды. Оқу –жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметіне арналған техникалар тексерілді. Зардап шеккендерге далалық госпиатль мен шатырлы лагер орналастырылды.