Облыста "Салбұрын-2023" халықаралық бүркітшілер фестивалі өтті. Оған бес мемлекет пен еліміздің барлық облысынан келген құсбегілер және тазы жүгіртіп жүрген өнер иелері қатысты.Аңшылар биылғы жарысқа 75 бүркіт, 20 ителгі мен 15 сұңқар және 100 ден аса тазы әкеліп, бабын байқады. Құсбегілер фестивалі биыл халықаралық дәрежеге көтерілді. Сондықтан тек бүркітшілер ғана емес, ителгі мен сұңқар салғандар және тазы ұстап жүргендер де шақыртылды. Фестивалді өткізудегі негізгі мақсат - ұлттық өнерді ұлықтап саятшылықты насихаттай отырып аймаққа турист тарту. Ол үшін осындай басқа да шаралар үнемі өткізілмек. Фестивалда құсбегілер шырға тартып, бүркіттерін қоян мен түлкіге салды. Қолына сұңқар мен қаршыға қоныдырғандар қоянға томаға сыпырды.Тазыларды да түлкіге қосты.Екі күн бойы өткен өнер фестивалінде тақымы темір жігіттер жүген-құрық тимеген асауға мінсе, мергендер садақ атудан өзара мықтыны анықтады