Аймақта облыс әкімі Ермек Көшербаевтің тапсырмасымен басталған «Туған жер алтын бесігім» жобасы мәреге жетті. Жоба аясында өңірге қарасты әр аудан түрлі шарлар ұйымдастырған болатын.Жергілікті жердің тарихы, мәдениеті жайлы сыр шертетін мәдени кештер де өтті. Бұл жолы Өскемен тұрғындары мен қала қонақтарына Алтай ауданының қолөнер шеберлері түрлі бұйымдарын, өнерпаздар өнерлерін ортаға салды. Айта кетейік, мәдени шараға өңірдегі ірі өндіріс орындарының бірі – «Казцинк»ЖШС қолдау көрсетті. Алтай ауданы бұл кешке тыңғылықты дайындықпен келген. Келушілер назарына қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан түрлі бұйымдардан бастап, ауданнан шығатын өнімдер де ұсынылған. Қонақтардың назарын өзіне көлемі ерекше лимон аударды. Алтайдан келген Виктор Степанов бұл жемісті жылыжайдағы жеке учаскеде өсіреді. Бір ерекшелігі толық піскен кезде оның салмағы 1,5 килограмға жетеді. Асылан Қыдырханов технология пәнінің мұғалімі. Әкеден дарыған өнерді қазір алтайдағы жастарға үйретіп жүр. Алтай ауданында халықты жұмыспен қамту ісі қарқынды.Мекеме директоры Берікжан Бекбосыновтың айтуынша қазіргі таңда жас кәсіпкерлерге өз кәсібін бастауға мүмкіндік мол. Мәдени шара Алтай ауданынан келген көркем өнерпаздардың гала-концертіне ұласты. Керемет кештің куәсі болған көрермен шараның жоғарғы деңгейде өткенін айтады. Облыс орталығында бірнеше айға созылған шара қала тұрғындарын бір қуантты. Алда шешуші кезең, әділ-қазы алқасының қорытындысы күтіп тұр.