Өскеменде 30 томдық шығарманың тұсаукесері өтті. Онда аймақтағы жазушылардың үздік еңбектері қамтылған. Басылымды жарыққа шығару үшін жыл бойы жұмыстар атқарылды. Толығырақ сюжеттен көрелік.... Шығармалар жинағының жарыққа шығуы әдебиет сүйер қауым үшін жақсы жаңалық. Мұндай ауқымды жоба өңірде алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Оқырман жерлес жазушылардың тың еңбектері мен танысып, түрлі деректерге куә болады. Шығармалар жинағына Черемшанка ауылының жазушысы Александр Исаченконың туындылары да кірді. Ол түрлі әңгімелер мен повестер жазады. Жазуышының шытырманға толы оқиғалары оқырманды бірден баурап алады. Шығармалар жинағы кітапханаларға сыйға тартылды. Енді өңір тұрғындары Шығыс Қазақстан жазушыларының үздік шығармаларымен етене таныса алады.