«Туған жер-алтын бесігім» жобасы аясында Алтай аудан әкімі Ренат Құрмамбаев С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттерімен кездесті. Педагогикалық білім беру бағдарламаласының білімгерлерімен өткен жиын "Алтай-біздің ортақ үйіміз" тақырыбында ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты - болашақ педагогтарды еңбек жолын Алтай ауданында бастауға шақыру. Жас мамандарды жергілікті билік өкілдері тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларымен таныстыру. Бүгінгі таңда Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде болашақ педагогтар 27 бағыт бойынша білім алып жатыр. Шара барысында студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Жастармен кездесу еркін форматта өтті. Алтай ауданына IT саласының мамандары да қажет. Биыл жоғарғы оқу орнында педагогика бағытында білім алып жатқан 800-ге жуық студент қолына дипломын алады. Ал мұндай кездесулер жастардың ауыл-аймақта еңбек етуіне жол ашады, дейді шараны ұйымдастырушылар.