Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстан халқына Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілікті қатаңдату туралы тапсырма берген болатын. Президент пәрменін іске асыру өңірде қолға алынды.Аймақтағы тәртіп сақшылары тұрғындардан түскен арыздар бойынша жедел әрекет етуге көшкен.Өскеменде басталған алдын алу жұмыстарына әріптестерім де қатысып қайтты. Елде өткен жылдың қаңтар-қараша айында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 841 дерегі тіркелеген. Тіркелген деректер бойынша шығыс өңірі көш бастап тұр. Дегенмен, биыл аталған іске қатысты деректер саны азайған. Аймақта жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс-әрекетке қарсы шаралар қолға алынған. Облыс орталығында қылмыстық әрекеттерді алдын алу жұмыстары қызып тұр. Тәртіп сақшылары тізімге енген отбасыларды бекітілген кестеге сәйкес аралап, қылмыстық жауапкершіліктен сытылып кетпеудің амалын жасайды. Зорлық-зомбылық әрекеттері жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін қауіп төндіреді, дейді тәртіп сақшылары. Отбасылық кикілжіңнің соңы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен аяқталса, қорлық көрсеткен адам қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс. Қоғамда күйіп тұрған бұл мәселені тез арада шешу қажет.Ал агрессорды тек темір тордың арғы жағына жіберумен мәселе шешілмейді, дейді тәртіп сақшылары.