Риддердегі жылыту электр орталығында орташа қысымдағы үш қазандық жұмыс істеп тұр. Энергетиктердің айтуынша, бұл шаһарды қыста жылумен толық қамтуға қуаты жетеді. Ал желтоқсан айында жоғары қысымдағы үш қазандық қосылады. Риддер жылыту электр орталығындағы жөндеу жұмысы маусым айында басталды. Нәтижесінде кеншілер шаһарына биыл жылу дәл уақытында берілді.Қазір жоғары қысымдағы нөмірі үшінші қазандықта дайын тұр. Тағы екеуі желтоқсан айында іске қосылады. Үшінші және төртінші қазандықтар толық іске қосылған соң энергия өндіру басталады. Елу жылдан асқан электр қондырғылар да толық жаңаланды. Жергілікті тұрғындар кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысына оң баға беріп, өткен жылмен салыстырғанда пәтерлер жылы екендігін айтады. Стратегиялық нысанды жаңғыртуға биыл республикалық бюджеттен 8 млрд., облыс қазынасынан 500 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға тек жылыту орталығы ғана емес ескі құбырда ауыстырылды. Айта кетейік, мұнда жалақы мәселесі жоқ, тек маман тапшы. Ал оны шешу үшін аймақ басшысы Ермек Көшербаев білікті жас энергетиктерді дайындап, білім беру жүйесін жандандыруды қолға алуды тапсырды.