Бүгінде буллинг жасөспірімдер арасында кеңінен таралып отыр. Буллинг - физикалық агрессия¬ ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді.Қоғам дертіне айналған түйіткілді тез арада шешу қажет. Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында Өскеменде арнайы кеңес өтті. Жиында жастар арасында белең алған әрекеттің жолын кесу мәселелері қаралды. Қазақстанда әрбір бесінші жасөспірім бұзақылықтан зардап шегеді немесе өзі әлімжеттік көрсетеді. Өкініштісі мұндай жағдайға қыз балалар да тап болады.Оған қоса елде балаларға қатысты жасалған қылмыс саны да өршіп тұр.Оқушылар арасындағы келеңсіз жайттың алдын алу жолында аймақтағы тәртіп сақшылары ауқымды жұмыс атқарып жүр. Әсіресе, жас ұрпақты тәрбиелеу жолында ювеналды полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Басты міндетіміз – балалар арасында түрлі құқық бұзушылыққа, қылмысқа жол бермеу, оның алдын алу,-дейді сала мамандары. Полиция инспекторлары бекітілген кестеге сәйкес білім ошақтарында ақпараттандыру жұмыстарын да жүргізеді. Қатарластарын кемсіту, күш көрсету әрекеті жиіледі дедік. Бұл жағымсыз қылық спорт саласында да белең алып келеді.Ал оны шешу үшін қайтпек керек? Сала мамандары түйіткілдің түйінін тарқату үшін арнайы жиын өткізді. Облыс бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аксана Каленова спорт мектептеріндегі жайт бойынша пікірі осындай. Буллингпен күресте үш тарап үндестікте жұмыс істеуі тиіс. Яғни, ата-ана, бапкерлер, педагогтар арасындағы байланыстың үзілмеуі маңызды. Тәртіп сақшылары қазіргі таңда «101» колл-орталығы бар екенін айтады. Мұнда хабарласқан жасөспірімдердің арыз-шағымы құпия күйінде қалады. Жәбірленушімен мамандар тілдеседі. Шағымнан қылмыстық әрекет анықталса, деректі полиция қызметкерлері қолға алып, нақты әрекеттерге көшеді.