Өскеменде Oskemen IT-һub қолдауымен ауыл мектептеріндегі оқушыларға арналған Beginit by inDrive бағдарламасы басталды. Өңірдегі жоғары сыныптың жүзге жуық жас дарыны IТ-компанияның грантын алу үшін бақ сынайды. Жобаның өзге де жаңашылдығы туралы тілші материалында. Ел жастарына арналған бағдарлама шығыстағы ауыл балаларына әлеуметтік көшбасшылық бойынша білімін жетілдіруге және Алматыда ашылатын инновациялық университеттің грант иегері атануға мүмкіндік береді. Әлеуметтік көшбасшылық бағдарламасы төрт кезеңнен тұрады. Алғашқысы аймақтық іріктеу кезеңі, білім беру, және жобалық модулдері және жастар лагері. Іріктеуден өткен қатысушылар Алматыдағы оқу лагеріне аттанады. Осыдан кейін елдің өзге аймағында үздік деп танылған оқушылармен танысып, тәжірибе алмасады. «Oskemen IT-һub» жетекшісі Дидар Мұратұлы бастаманың жастарға берері мол,- дейді. Жиын соңында, «Oskemen ІТ-һub» және «Beginit by inDrive» компанияларының өкілдері қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап береді.