А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16-күн» халықаралық акциясы аясында Өскемендегі жастар пікірталас өткізді. Шара жасөспірімдер арасындағы қысым көрсету, қылмыстық әрекеттерді алдын алуға бағытталған. Жиында іске асырылған бастамаларға қорытынды жасалып, алдағы қызметтің жоспары талқыланды. Шараның мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның жолын кесу.Қабылданып жатқан шаралар туралы азаматтарды хабардар ету. Қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мен құқықтық тәрбиені насихаттау. Отбасындағы зорлық-зомбылық әрекетінен көбіне нәзік жандылар жапа шегеді. Алайда, теріс қылық егде адамдар мен балаларға да қауіп төндіреді. Сондықтан қоғам дертіне айналған мәселені дер кезінде шешу қажет. Зорлық-зомбылық жәбірленушінің құқығын қорғауды ғана көздемейді. Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді де басты назарға алады. Ал, осындай дау-дамайлардың орын алуына мамандар көбіне әлеуметтік-тұрмыстық жағдай себеп болады дейді. «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы елдің барлық өңірінде өтіп жатыр. Акция аясында, қоғамдағы келеңсіз көрініске жұрт назарын аудару үшін түрлі шаралар ұйымдастырылады.