Халықаралық мүгедектер күніне мерекелік кеш өтті. «Көзімнің қарасы» қоғамдық бірлестігінің өңірдегі филиалы «Шығыс шуағы» атты концерттік бағдарламаны келушілер назарына ұсынды. Аймақтағы филиал ерекше күтімді қажет ететін азаматтарды қоғамға бейімдеу, түйіткілді мәселелерін шешу қызметімен айналысады. Айтулы мереке елдің әр аймағында дәстүрлі түрде аталып өтеді. Игі шарадан Өскемен жұрты да қалыс қалған жоқ. Бұл күні мүгедектігі бар жандарға айырықша құрмет көрсетіледі. Ал облыс орталығында ұйымдастырылған шараның мақсаты — ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік жағдайын арттыру. Көмекке мұқтаж жандарға әрдайым қол ұшын созатын игі дәстүрден жастар да шет қалмады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәәселесін шешуде әлеуметтік сала қызметкерлерінің рөлі ерекше.