Риддердегі тілдерді оқыту орталығы базасында "Мемлекеттік тілді оқыту-заманауи әдістер мен инновациялық технологиялар" тақырыбында педагогтарға арналған облыстық семинар - тренинг өтті. Әр ауданнан келген оқытушылар өзерінің тілді оқыту барысында пайдаланатын әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Қазақстан азаматтары мен қоғамдық-әлеуметтік саланың түрлі бағыттарында жұмыс істейтін мамандар қазір қазақ тілін белсенді меңгеруде. Осыған байланысты мемлекеттік тілді жедел оқыту жүргізілуде. Ересектерге арналған қазақ тілі оқытушылары үшін жыл сайын біліктілікті арттыруға бағытталған семинар-тренингтер өткізіледі. Жыл сайын облыс тұрғындарының қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығы артып келеді. Өңірде тілдерді оқыту орталықтарында қазақ тілін тез үйренуге мүмкіндік беретін түрлі әдістемелер қолданылады. Халықты тарту үшін қолайлы уақыт пен сабақ курсын таңдауға мүмкіндік беретін түрлі бағдарламалар мен жобалар іске асырылуда. Риддер қаласының мамандары дәріс алушыларға тіл үйренуге жазылудың тиімді жолын ұсынуда. Ол ұялы телефон арқылы сабаққа жазылу. Семинар-тренингке облыстың 8 тілдерді оқыту орталығының директорлары, әдіскерлері, оқытушылары қатысты. Шараның мақсаты-мемлекеттік тілді оқыту курстарының қызметін кеңейту және қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларын тәжірибеге енгізу. Мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың мақсаты-кәсіби, өндірістік салаларда және ғылыми ортада білім алушылардың қазақ тілінде мәдениеті мен сауатты сөйлеу деңгейін жетілдіру. Семинар барысы екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқытушылар баяндама оқыды, екенші кезеңде еркін түрде шеберлік сағатын жүргізді. Оқылған баяндама жұмыстары жинақталып әр жыл сайын кітап ретінде шығарылып отырылады. Семинар-тренинг өткізу барысында әдіскерлер мен оқытушылар мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдістері мен инновациялық технологиялары бойынша озық тәжірибелерімен бөлісті. Жиын соңында қатысушыларға орталық атынан сертификат табысталды.