Өскеменде тұрғын үй құрылысы қарқынды. Әсіресе, «Нұрлы жол» шағын ауданында ел игілігіне беріліп жатқан пәтерлер саны артқан. Бұл қаладағы баспана кезегінде тұрғандардың мәселесін тез арада шешуге жол ашады. Шағын ауданды дамыту жұмыстары жайлы тілші тарқатсын. Осы уақытқа дейін 25 көпқабатты тұрғын үйдегі 1970 пәтердің кілті иелеріне табысталды.Бұл қарқынды төмендетпеу керек дейді салалық басқарма мамандары. Қазіргі таңда 1 577 пәтерден тұратын 13 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Шағын аудан электр желілері, жылу, сумен қамтылған. Абаттандыру жұмысы да қарқынды. Биыл жалпы ұзындығы 4 шақырымнан астам кварталішілік көше мен өтпе жолдың құрылысы басталды. Мұнда алдағы уақытта 4 балабақша, 1 мектеп және 1 хоккей модулін салу көзделген. «Нұрлы жол» ауданыда қолға алынған ілкімді істер алдағы уақытта да игі жалғасын таппақ.