Аймақта «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық шарасы басталды. Өскемен-1 станциясындағы желілік полиция бөлімі тұрғындарды темір жолдағы қауіпсіздікті қатаң сақтауға шақырады. Мәселен, өткен жылы тәртіп сақшылары аталған аумақта құқық бұзған 2034 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Шара аясында Өскемен-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің мамандары күшейтілген жұмыс кестесіне көшті.

Өткен жылы Өскемен-1 станциясындағы желілік полиция қызметкерлері азаматтарға 4,5 млн.теңгеге жуық айыппұл салған. Биыл бұл заң бұзушылықтардын алдын алу мақсатында жолушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары темір жол бойында заң бұзушылық әрекеті жиілегенін айтады. Әсіресе, иесіз жүрген төрт түлік көп. Теміржол – аса қауіпті аймақ. Сондықтан осы аудандағы жүріс-тұрыс қағидасын мұқият сақтау керек. Бұл полиция қызметкерлерінің тұрғындарға айтар талап-тілегі.Себебі, азаматтардың басым бөлігі бекітілген ережені елемейтін көрінеді.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараның мақсаты - темір жол маңындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу. Тәртіп сақшылары жолаушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.