ӨСКЕМЕНДЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ПЫШАҚТАСТЫ
Өскеменде екі оқушы сөзге келіп, жасөспірімнің бірі жиналмалы кәдесый пышақпен қатарласына дене жарақатын келтірген. Бақылау камераларының бейнежазбалары зерттеліп, қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлады ШҚО ПД.