Облыс орталығында туристік агенттік ашылды. Компанияның негізін қалаушы Екатерина Резникова. Оның туризм саласында жүргеніне бірнеше жыл болды. Осы уақыт аралығында саяхатқа шыққан азамттарға көмек көрсеткен. Енді кәсіпкер аймақтағы туристік саласын дамытуға ниетті.
Өңірде туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе, Катонқарағай, Марқакөл, Бұқтырма су қоймасы, Қиын-Керіш шатқалын тамашалап қайтуға ниеттілер қатары артып келеді. Екатерина Резникованың айтуынша, жыл сайын шығыстың табиғатына тапсанып, саяхат жасауға түрлі елдерден туристер ағылып келеді.
Салтанатты шарада түрлі байқаулар өтті. Келушілер арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды. Агенттік қызметкерлерінің айтуынша, олардың мақсаты туристерге ұмытылмас саяхат сыйлау.
Туристік агенттік кез келген уақытта естен кетпес демалысты сыйлауға дайын.