Соңғы жылдары елде құмар ойынның торына түсіп, қолдағы барын бәске тігіп, қиын жағдайға душар болғандар қатары артқан.Олар тапқан-таянғанын жеңіл жолмен ақша табамын деп желге ұшырып жатыр. Бірі жиған-тергенінен, енді бірі отбасынан айырылуда. Ал мұндай теріс әдеттен қалай құтылуға болады? 

Ресми деректерге сүйенсек, соңғы үш жылда ел азаматтары құмар ойындарға 1 трлн. теңгеден астам қаражы салған. Олар құмар ойынды тәуекелмен шатастырып жүр. Мамандар тәуелділікті бірнеше санатқа бөліп қарастыруға болады дейді

Қоғамдағы келеңсіз жайттың алдын алу үшін мемлекет басшысы арнайы тапсырма берген болатын. Президент пәрменінен соң елде лудоманиямен күрес басталды. Құқық қорғау органдарының мамандары аталған әрекетке қатысты қылмыстық істерге ерекше көңіл бөле бастады.

Құмар ойынның зардабы елдің дамуына да кері әсерін тигізеді. Ел азаматтарының руанхи құлдырауына әкеп соғады. Әсіресе, жастарға бұл дерттің зиянын барынша түсіндіру қажет.