Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басты міндет. Елде олардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, облыс орталығында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиында уәкілетті органдар мектеп оқушылары арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша бірқатар шараларды ұсынды. 

Күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі - балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Балаларға дер кезінде көмек көрсету үшін мемлекеттік органдар жедел шараларды іске асырып, өңірде жасөспірімдер арасындағы қылмыс санын азайтуды көздейді.

Бұл мәселенің оңтайлы шешімін табу, шалыс басқан жастарды түзу жолға салу – жиында басқосқан азаматтардың мақсаты.

Жиынға қатысушылар кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін профилактикалық шараларды күшейту қажеттігін айтады. Шара соңында, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған шешімдер ұсынылды.